қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2017

04.04.2017
17.03.-28.03.2017 ж. аралығында «Кәсібі бағыттағы тілдер» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д. профессор Жұмағали Әбуұлының жетекшілігімен аға оқытушысы Утегулова Зинура және магистр оқытушы Беркінбаева Гүлназ European Commission және the Nuffic ұсынған Эразмус+қызметкерлердің Халықаралық Кредиттік Ұтқырлық алмасу стипендиясының қысқа мерзімді грантын ұтып алуына байланысты, ICLON, the Leiden University Graduate School of Teaching (Голландия) орталығында өткен семинар-тренингіне қатысып келді.

24.03.2017
18.03.2017 жылы 168 мектеп-гимназияда Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс, студенті Жамбыл Аяулым «Талапкер 2017» атты кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп, 2017 жылғы ҰБТ жаңалықтарымен және Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі мамандықтар, университтет тарихы, әлем деңгеіндегі ЖОО арасындағы мәртебесі мен кәсіби кадр даярлаудағы-оның ішіндегі педагогикалық мамандықтар бойынша да - сапалық деңгейі туралы ақпараттар берілді.

10.03.2017
2017 жылғы мамыр айының 22-24 күндері аралығында Түркия Республикасындағы Сиде/Анталия қаласында Роехамптон университеті (Англия), Даугавпильс (Латвия), Абай атындағы ҚазҰПУ (Қазақстан) және Йенілікчі Адымлар (Түркия) қоғамының ұйымдастыруымен,Тіл білімі және гуманитарлық ғылымдардың барлық салаларына бағытталған «I-Евразиялық тіл білімі және гуманитарлық ғылымдар (1stEurasian Conference on Language and Social Sciences, ECLSS 2017)» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

25.12.2016
02.12-22.12.2016 жылы Лэйден университетінің профессоры Хэнк Фрэнкен «Blended learning» курсы бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің көптілді білім беру топтарына және магистранттары мен PhD доктаранттарына тренинг-курс өткізді. Аталмыш курс Филология және көптілді білім беру институтының кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының (кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Абуов) ұйымдастыруымен өткізілді.



 1  2  ... келесі >