қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2022

Шетел тілін оқыту әдістемесі


2022 жылдың 13 сәуірінде Филология институты практикалық ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары А.Б. Ильяс мен А.Х. Пазилованың ұйымдастыруымен «Шетел тілін оқыту әдістемесі» онлайн вербинар өткізілді.


Вербинар барысында шетел тілін оқытудың бірнеше методикасы талданды. Оқытушылар бұл методикаларды таңдап, талдап түсіну арқылы өздеріне тиімді деп санаған әдістерді өз сабақтарында пайдалануға болатынын шешті.

Қатысушы оқытушылар мен студенттер ағылшын тілі сабақтарындағы инновациялық технологиялар туралы мәлімет алды. Қазіргі заман талабына сай сабақ барысында жаңа технологияларды қолдану арқылы сабақты қызықты және студенттердің немесе мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын оятады, жаңа сабақты түсіндіруде немесе өткен сабақтарды қайталауда өте тиімді көмекші құрал болып табылатын бұл технологиялар оқытушыларға өте көп мүмкіндіктер ұсынады. Вебинарға 37 оқытушы-студенттер қатысты. Вербнар барысында сұрақтар қойылып, жауап алынды.

 

   




Кері оралу