қазақша · русский · english
 
 
 
 Мәмбеталиев Қуандық Рахматуллаұлы
Әскери кафедра бастығы
Запастағы полковник
М.Әуезов атындағы оқу-спорт кешені
 382-27-36
k.mambetaliev6369@abaiuniversity.edu.k

 Оразбеков Бауыржан Жарқынбекұлы
Әскери кафедра бастығының орынбасары
Запастағы подполковник
М.Әуезов атындағы оқу-спорт кешені
 382-27-35
b.orazbekov@abaiuniversity.edu.kz

 

Тарихи анықтама


Әскери кафедра Қазақстан Республикасы үкіметінің 1997 жылғы 6 қарашадағы «Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде әскери кафедра құру туралы» № 1500 қаулысымен құрылды. Үкіметтің бұл қаулысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 26 қаңтардағы № 10 бұйрығымен жарияланды.
Әскери кафедра «Мотоатқыштар бөлімшелері, бөлімдер және құрамалардың жаяу әскерлердің ұрыс машиналарындағы жауынгерлік қолданысы» мамандығы бойынша запастағы офицерлерді дайындау, сондай-ақ студент жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейту мақсатында құрылды.
Жас мемлекеттің аяғынан тұру кезеңінде әскери кафедраның ашылуы көп нәрсені аңғартады. Экономикалық қиындықтарға қарамастан Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев және еліміздің үкіметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша көңіл бөлді.
Жоғарыда келтірілген жетекшілік құжаттардың негізінде Абай атындағы Мемлекеттік университет ректорының 1998 жылғы 6 қаңтардағы №02-06/1 бұйрығымен әскери кафедраның Абай атындағы АМУ жанында құрылғаны, әскери кафедраға «Спартак» спортты кешенінің аумағы, қызметтік және қосалқы ғимараттарының берілгені туралы жарияланды. Осылайша әскери кафедраның сабақтар басталуына қарай жоспарлық дайындығы басталды.
Әскери кафедраны құру қайнарының басында тәжірибелі офицерлер, педогог-тәлімгерлер полковник К.Т.Ахметов, полковник А.Я.Сапожников тұрды. Осы адамдарға қиын және абыройлы міндет жүктелді. Олар оқу-тәрбие және материалдық-техникалық базаны құрып, профессорлық-оқытушылар құрамының жоғары кәсіби ұжымын қалыптастырды.


Әскери кафедраның әр кезеңінде тәжірибелі офицер-тәлімгерлер басқарды:
- полковник К.Т.Ахметов - жақсы ұйымдастыру қабілеті бар, әскери және педагогикалық қызметтің үлкен тәжірибесі бар офицер;
- полковник А.Я.Сапожников - «Қазақстан Республикасы білімінің құрметті қызметкері»;
- полковник Салтанов Е.С. - педогогикалық ғылымның кандидаты, доцент. Ол «Абай атындағы ҚазҰПУ студент жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеу» концепциясының авторы. Сондай-ақ оның ғылыми зерттеулері жоғары оқу орындары, жоғары оқу орын аралық, қалалық, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардағы баяндамаларында, ғылыми мақалалар мен жарияланымдарда орын алды.


Қазіргі уақытта әскери кафедраны тәжірибелі педагог-офицер полковник Р.У.Ракышев басқарады. Ол АҚШ Әскери академиясын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін бітірген, педагогика магистрі. Әскери кафедра бастығының орынбасары подполковник Б.Ж.Оразбеков.
Әскери кафедра негізі жастардың идеялық, өнегелік және әскери-патриоттық тәрбиесінің орталығы болып саналады. Әскери кафедраның студенттер командасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны әскери кафедралары студенттері арасындағы әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Айбын» жарысының тұрақты қатысушылары болып табылады және олар бірнеше жыл қатарынан кейбір жеке сайыстардан алдыңғы орындарға ие болуда. Жыл сайын әскери кафедраның базасында Алматы қаласының мектептері, лицей және колледждері арасында оқу-далалық жиындар, әскери-қолданбалы пәндер бойынша жарыстар өткізіледі. Кафедра оқытушылары аталмыш жиындар мен жарыстарға белсене ат салысады.


Әскери кафедра запастағы офицерлерді алты әскери мамандыққа дайындайды:
- Жалпы әскери бөлімшелер, бөлімдер және құрамаларды ұрыста қолдану;
- Тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру;
- Ақпараттық-сараптама қызметі;
- Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру;
- Құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру
- Психологиялық жұмысты ұйымдастыру

 

Мекен-жай: Алматы қаласы, мәдениет пен демалыс орталық саябағы, «М. Әуезов» атындығы оқу комплексі, әкімшілік корпус.

Email: vk_kaznpu@mail.ru

 

Әскери кафедра 

подполковник

Оразбеков Бауыржан Жарқынбекұлы

тел. 382-27-35

Әскери кафедраның кезекшісі

 

тел. 382-28-36