қазақша · русский · english
 
 
 

 

Академиялық ұтқырлық - белгілі бір академиялық кезеңге студенттерді немесе ғылыми-зерттеу оқытушыларын басқа оқу немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) оқуға, оқытуға, зерттеуге ауыстыру. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру ережелері мен рәсімдері күндізгі бөлім студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сонымен қатар университеттің күндізгі оқытушылары мен қызметкерлеріне қолданылады.

 

Сыртқы академиялық ұтқырлық - студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде білім беру бағдарламаларын меңгеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасынан тыс оқу немесе қызметтік тапсырманы орындау үшін академиялық бір кезеңге шығу түрінде жүзеге асырылады.

 

Ішкі академиялық ұтқырлық - жетекші қазақстандық университеттер мен ғылыми орталықтарда студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың білім беру бағдарламаларын игеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орны-әріптеспен академиялық ұтқырлық шеңберінде келісім-шарт болған жағдайда Қазақстан Республикасы шегінде іссапар түрінде жүзеге асырылады.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, күндізгі бөлімнің 1 курс магистранттары қатыса алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға үміткерлер жақсы академиялық көрсеткіштерге және шет тілін жоғары деңгейде меңгеруге тиіс. Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне өтініш беруі керек. Сондай-ақ шет тілін білу туралы халықаралық сертификат (В2 деңгейінен кем емес), транскрипт (GPA балы кемінде 2.5) және төлқұжаттық түрлі түсті көшірмесін тапсыру керек.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байқаудың басталғаны туралы ақпарат Abai University ресми сайтында (www.kaznpu.kz) жарияланады.

 

Қосымша сұрақтарыңыз болса, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне gulnara_t@mail.ruacadmob@kaznpu.kz электронды поштасы арқылы хабарласыңыз немесе Достық даңғылы 13, 3 қабат, 300 кеңсеге келіңіз.