қазақша · русский · english
 
 
 


Алыс және жақын шет елдерге тағылымдамаға жіберілетін білім алушылар үшін виза ресімдеу қажет. Виза іссапардың алдын ала жасалған күнінен 1 ай бұрын беріледі. Халықаралық ынтымақтастық департменті визаны ресімдеуге жәрдемдеседі.


Білім алушылар шет мемлекеттердің консулдықтарына виза алу құжаттарын өз бетінше тапсырады.


Виза алу үшін келесі құжаттар қажет:
- қолданылу мерзімі сұратылған визаның мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде 6 айдан соң аяқталатын шетелдік паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
- ресми шақырудың түпнұсқасы мен көшірмесі;
- қонақ үйдің, студенттік жатақхананың бронін растау немесе жалға алынған пәтер иесінен хат;
- оқу орнынан анықтама;
- медициналық сақтандыру полисі;
- екі жаққа авиабилетті брондауды растау;
- шығындардың бір бөлігін қаржыландыру туралы банктен анықтама немесе университеттен хат.


Қажетті құжаттар тізімі консулдықтардың талаптарына байланысты өзгеруі мүмкін, олармен шет мемлекеттер елшіліктерінің ресми беттерінде танысу қажет.

30