қазақша · русский · english
 
 
 

 

Өңірлік жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарының Abai University-ге кіретін ғылыми тағылымдамасы жоғары оқу орындары арасындағы шарттар, келісімдер мен меморандумдар шеңберінде жүзеге асырылады.


Ғылыми тағылымдама оффлайн немесе онлайн форматта ұйымдастырылуы мүмкін.


Ғылыми тағылымдамадан өту туралы мәселені қарауға негіздеме өңірлік Қазақстандық әріптес жоғары оқу орнынан Тегі, Аты, Әкесінің аты, мамандығы мен курсы, өту мерзімі және диссертациялық жұмыстың тақырыбы көрсетілген магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамадан өтуіне ресми сұрау салу болып табылады.
Ғылыми тағылымдамаға қабылдау туралы шешім «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы - ректорының бұйрығымен бекітіледі. Ғылыми тағылымдамадан өту туралы барлық құжаттар Халықаралық ынтымақтастық департаментіне жіберіледі.


Ғылыми тағылымдамадан өту қорытындылары бойынша тағылымдамадан өтуші алынған жаңа ақпараттың, дағдылардың, тағылымдама нәтижелерін ғылыми қызметте қолдану мүмкіндігінің қысқаша сипаттамасы бар есеп жасауы тиіс.


Ғылыми тағылымдама туралы есеп негізінде сертификат беріледі.