қазақша · русский · english
 
 
 
 Тулегенова Малика Балтабайқызы
Кафедра меңгерушісі
Аға оқытушы
Жамбыл көшесі, 25
 8-701-251-28-81
malika_askar@mail.ru


Кафедра тарихы. Филология және көптілді білім беру институтының Шетел тілдері кафедрасы 1928 жылы құрылды. Алғашқы кафедра меңгерушілері: Шварцман Г., Джумабаева М.Р., Мамытбеков К.М. 1997-2015 жылдар аралығында кафедраны п.ғ.к., профессор Мұсаева Күлтай Султановна, Жумағали Әбуұлы Әбуов басқарып келді. 2021 жылы бұл кафедра атауы Практикалық ағылшын тілі кафедрасы болып өзгертіліп, кафедра меңгерушісі Тулегенова Малика Балтабаевна тағайындалды.

 

Кафедра университеттің «Филология және көптілді білім беру», «Педагогика және психология», «Тарих және құқық» , «Математика, физика және информатика», «Жаратылыстану және география», «Өнер мәдениет және спорт» институттарында магистрант, студенттеріне озық, белсенді әдістерді қолдана отырып шетел тілі, ілгерлемелі шетел тілі, кәсіби шетел тілі пәндерінен практикалық сабақ береді.

 

Кафедра кұрамы

Кафедра құрамында 46 оқытушы, оның ішінде:

- 1 ғылым кандидаты

- 1 PhD,аға оқытушы

- 44 магистр, аға оқытушы жұмыс атқарады.

 

Кафедраның саясаты мен құрылымы

- белсенді әдістерді қолдана отырып, шетел тілдерін оқытудың маңыздылығын арттыру;
- жаңа технологияларды енгізу және оқудың технологиялық құралдарын қолдану;
- кафедра оқытушыларының тілдік және ғылыми әдістемелік квалификациясын арттыру;
- кафедраның ғылыми әдістемелік конференциясына қатысу;
- баспаға мақалалар шығару,оқулық, оқу әдістемелік құралдар жазу.


Кафедрада оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ететін оқу - әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Кеңестің жетекшісі Лукпанова Софья Майкеновна.

 

Кафедра бойынша жалпы мәлімет