қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2020

«Абай мұрасы-мәңгілік қазына» онлайн-конференциясы


2020 жылдың 28 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Филология және көптілді білім беру институты шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы-мәңгілік қазына» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

 

Онлайн-конференцияға университетіміздің «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Шойынбет Жабал, Филология және көптілді білім беру институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Саметова Жаңагүл, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қасенов Ерлан, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Тулегенова Малика, кафедра оқытушылары және «6М011900- Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

 

Конференция барысы студенттердің ақын өлеңдері мен қара сөздерінің үзінділерін мәнерлеп айтып қана қоймай, Шойынбет Жабалдың «Қара сөздің» көркемдік қуаты, философиядағы даналық ойы, әлеуметтік және дінге көзқарастары қамтылған толық адам және т.б. танымы терең терминдерін талдауымен өз жалғасын тапты.

 

Іс-шара соңында орталық директоры кафедра оқытушылыры мен студенттері қойған сұрақтарға жан-жақты жауап бере отырып, студенттерге өз ризашылығын білдірді. Онлайн-конференция 104 топ студенті Әділ Жансаяның «Абайға арнау» өлеңімен аяқталды.

 

   

 

   




Кері оралу