қазақша · русский · english
 
 
 
08.02.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-гі Польша студенттері

 

2019 жылдың ақпан айында Филология және көптілдерде білім беру институтының орыс тілі және әдебиеті кафедрасына университетіміздің Слупск (Польша) қаласындағы Помор академиясымен жасалған ынтымақтастық, академиялық алмасу мен қос дипломдық білім туралы шарт негізінде академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша екі филолог-студент келді.


Ақжарқын да көңілді жастар, Анджей Газицки және Бартек Цесляк, сабаққа қатысып қана қоймай, Қазақстанның қонақжайлылығы мен қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысуда. Олар Алматы қаласындағы музейлер мен саябақтарды аралап, Медеу және Шымбұлақта болды.


Польшадан келген достарымыз біздің университетте үш апталық уақыттарын қызықты да пайдалы өткізіп жатыр деп үміттенеміз. Жаңа достарға құшағымыз ашық!

 

   

 

   

 

  




Кері оралу