қазақша · русский · english
 
 
 
15.09.2022

1 курс студенттерін электронды заманауи кітапханамен таныстыру

 

2022-20023 оқу жылының 14 қыркүйек күні Университеттің ғылыми кітапханасы Филология институты 1 курс студенттеріне арнайы ақпараттық апталық жоспарланып атқарылды. «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығы бойынша Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Қоңқабаева Н.Н және 1 курс эдвайзерлері Жумабаева А.С, Мейрхан С, Себдайырова А.М, корей, қытай тілдерін меңгеруші студенттер кітапхана қорымен және электронды ресурстармен, оларды қолдану мүмкіндіктерімен және оқырмандардың жұмыс жасауына өте қолайлы оқу залдарымен, заманауи технологиямен жабдықталған ыңғайлы орындармен таныстырды.

 

Студенттерді заманауи жабдықталған электронды кітапхана мен ең тиімді жақтарын таныстырып, мәліметтерді алу жолдары көрсетіліп, студенттер дән риза болды. Электронды кітаптарды жүктеу және оларды қалай қолдану барысы анық таныстырылды. Барлық студенттер электронды тиімді заманауи кітапхананы қолдану аясы осындай кең ауқымда қолданысқа ие болатынына риза.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу