қазақша · русский · english
 
 
 
10.10.2019

Жазушы Юрий Серебрянскиймен кездесу


2019 жылдың 8 қазанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында белгілі қазақ жазушысы, беделді халықаралық сыйлықтар лауреаты Юрий Серебрянскиймен оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттердің кездесуі өтті.


Жазушы және ақынмен кездескен мұғалімдер мен студенттер мәнерлеп оқылған Юрий Серебрянскийдің өлеңдерін аса қызығушылықпен тыңдады.


Кездесу барысында жазушы өзінің шығармашылық жоспарларымен бөлісті және заманауи қазақстандық орыс тілді прозасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әңгіме тақырыбы әлемдік әдебиеттің жаңашылдықтары, сонымен қатар көркем шығармашылық цифрландыру саласындағы тенденциялар болды.


Кездесу атмосферасы жылы болды, өйткені жас оқырмандар Қазақстандағы қазіргі әдеби процесті қызығушылықпен бақылайды.

 

   

 

 

  




Кері оралу