қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2019

Докторанттардың ғылымнын 10 күндігіне қатысуы

 

Ғылымның онкүндігі аясында 2019 жылы сәуірдің 8 жұлдызында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 1-3 курс докторанттарымен ғылыми семинар өткізіліп, онда «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс докторанты Абдиева Гульнара «Respect» заманауи тіл мәдениетіндегі тұжырымдамалық құбылыс» тақырыбында баяндама жасады.


Заманауи қоғамда және әр мәдени тұрғыдағы «Respect» терминінің қолданысына байланысты көптеген мәселелер туралы тамаша ойлар семинарға қатысушылардың қызығушылығын оятты. Зерттеу жұмысының тұсаукесері бойынша қатысушылар диссертация тақырыбының өзектілігін, қазіргі кезеңдегі қажеттілігін әрі өмірлік маңыздылығын атап көрсетті.


Баяндамадан кейін орыс тілі мен әдебиеті кафедрсының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Абишева Сауле, п.ғ.д., профессор Кажигалиева Гульмира докторанттың ғылыми зерттеуінің болашақта нәтижелі жетістікке қол жеткізуіне ықпал ететін құнды ұсыныстар білдірді.

 

   

 

  




Кері оралу