қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2021

Жаңа білім беру ресурсының тұсаукесері


2021 жылы 2 сәуірде филологтарға арналған «Osip Mandelstam Digital» білім беру сайтының жасаушылары әйгілі орыс ақынының шығармашылығы туралы жаңа ресурстың тұсаукесерін өткізді. Сайт интерфейсінің мүмкіндіктері туралы Экономика Жоғары мектебі ғылыми-зерттеу университетінің қызметкерлері - Цифрлық гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі Анастасия Бонч-Осмоловская және гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры Олег Лекманов әңгімеледі.


Тұсаукесерге қатысқан Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Зинаида Поляк жоба авторларына пайдалы ресурсты құру бойынша студенттерге де, әдебиеттанушы-зерттеушілерге де үлкен жұмысы үшін алғысын білдірді.

 

   

 

   

 




Кері оралу