қазақша · русский · english
 
 
 
16.01.2019

Алда - бірінші кәсіби тәжірибе

 

2019 жылдың 14 қаңтарында «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының үшінші курс студенттеріне арналған педагогикалық тәжірибе бойынша бағдарлау конференциясы өтті. Бағдарлау конференциясын Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасынын атынан педпрактика жетекшісі профессор Гульмира Қажигалиева жүргізді, студент-практиканттар, әдіскерлер: доцент Зәуре Өмірзақова, PhD докторы, аға оқытушы Алла Джундубаева, аға оқытушы, 3-курс аға кеңесшісі Алия Оңғарбаева қатысты.


Студенттер педагогикалық практиканың міндеттерімен танысты, бұл оларға бастапқы кәсіби дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Үшінші курс студенттері алған теориялық білімдерін іс жүзінде нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, сынып жетекшісі ретінде алғаш рет өздерін сынап, көрсетуі қажет.


Оқытушылар-әдіскерлер студенттерге педагогикалық жоспар туралы ақпараттандырып, есеп беру құжаттамасының ерекшелігін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

 

   

 




Кері оралу