қазақша · русский · english
 
 
 
23.07.2021

Баспа қызметкерлерінің электронды оқулық авторларымен кездесуі

 

2021 жылдың 22 шілдесінде "Алматыкітап баспасы" конференцияға қазақстандық оқушылар үшін электронды оқулықтар әзірлеуімен айналысатын өз авторларын шақырды.


Кездесуге қатысушылар арасында әдебиет бойынша электронды оқулықтардың авторлары - Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева және доцент Зинаида Поляк болды.


Баспаның цифрлық орталығының жетекшісі Елена Капранчик пен оның орынбасары Әсима Рысқұлбекова педагогтарды баспаның жаңа цифрлық тұғырнамасымен таныстырып, электрондық оқулықтардың мүмкіндіктерін көрсетті. Интерактивті тапсырмаларды құру құрылымы мен әдістемесіне ерекше назар аударылды.


Кездесуге қатысушылар ұйымдастырушыларға пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу