қазақша · русский · english
 
 
 
19.10.2022

Қазан қаласында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы атап өтілді

 

2022 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы (Ресей) Бас консулдығы ғалым-филолог, жазушы, драматург, қазақ фольклорының білгірі, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған мерейтойлық іс-шара ұйымдастырды.

 

Аталған іс-шараға ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы, дипломат, филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Әуезов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) аға оқытушысы Роза Бақбергенова, Қазан федералды университеті Филология және халықаралық коммуникация институтының (ҚФУ ФХКИ) Ғабдолла Тукай атындағы ұлттық мәдениет және білім беру мектебінің деканы Рамиль Мирзагитов, ҚФУ ФХКИ Каюми Насыри институты Орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Альфия Юсупова https://kpfu.ru/philology-culture , сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚФУ ФХКИ оқытушысы Гүлфия Гайнуллина және ҚФУ студенттері, қазақ диаспорасы қатысты. Бас консул Ерлан Ысқақов конференцияда академик жазушы М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған конференцияда кіріспе сөз сөйледі. Профессор Альфия Юсупова ғалым-жазушының қызметі мен шығармашылығы жөнінде өте мазмұнды баяндама жасады. М.Әуезовтің ұлы Мұрат Әуез әкесінің шығармашылығы жөнінде мазмұнды әңгімелеп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауап беріп отырды.

 

Танымдық кеш барысында қонақтар жазушының өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты. Мұхтар Әуезовтің қазақ және татар тілдеріндегі танымал шығармалары оқылды, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері, «Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының студенттері Елдос Серік ұлы жазушы М.Әуезовке арнайы арнауын домбырамен орындаса, Алишер Маратұлы «Қазақ осы» әнін гитарада тамаша шырқап берді. Клуб мүшелері Мадина Орынбасарова, Ақкүміс Сәбитова, Оразгүл Ниетбаевалар ұйымдастыру жұмыстарына қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=    alt=




Кері оралу