қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2019

Мектеп оқушылары классикалық шығармаларды оқиды

 

Танымал жазушы Игор Волгиннің «Классиканы оқыңдар және қайта оқыңдар!» деген үндеуін 2019 ж. 4, 5 наурызда С. Бегалин атындағы Орталық балалар кітапханасында өткен «Жанды классика» - мәтінді мәнерлеп оқу байқауына қатысушы балалар іске асырды.


Сайыс қазылар алқасының мүшелігіне орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары профессорлар Қарлығаш Бұзаубағарова мен Бақытгүл Жұмағұлова шақырылды. Сайыс барысында қазақ, орыс және шетел әдебиетінің классикалық шығармаларынан үзінділер оқылды. Алматы қаласының түрлі мектептерінен келген оқушылар шығарманың мәнін терең түсініп, өздерінің ішкі толғанысын, сезімін көрсете білу шеберлігін байқатты.


«Жанды классика» байқауының соңғы сатысы жеңімпаздары диплом, грамоталармен марапатталды және естелік сыйлықтар алды.

 

   

 

   




Кері оралу