қазақша · русский · english
 
 
 
31.01.2022

Магистранттардың ғылыми-зерттеу практикасы басталады

 

2022 жылдың 28 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі және әдебиеті кафедрасында кафедра мамандықтарының 2 курс магистранттарының ғылыми-зерттеу практикасына арналған кіріспе конференциясы өтті.

 

Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева магистранттарды тағылымдама бағдарламасымен, оның шарттарымен, мақсаты мен міндеттерімен таныстырды.

 

Сол кездесуде магистранттар аттестациядан өтті: олар өздерінің оқу және қоғамдық жұмысы туралы, бірақ ең алдымен диссертациясының дайындық дәрежесі туралы есеп берді. Магистранттардың көпшілігінде қажетті басылымдар саны бар, ал диссертациямен жұмыс өте қарқынды жүргізілуде.

 

Магистранттардың ғылыми жетекшілері олардың жұмыстарына оң бағасын беріп, магистратурада оқу курсын сәтті аяқтауларына тілектестік білдірді.

 

   




Кері оралу