қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

Ғылым онкүндігі бағдарламасындағы педагогикалық шеберхана


2022 жылдың 7 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Филология институтының орыс тілі және әдебиеті кафедрасында «Мен сабаққа барамын» педагогикалық шеберхана ұйымдастырылды.


«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының соңғы курс студенті Аяжан Урынгалиева өз тәжірибесінде цифрлық білім беру құралдарын қалай қолданатыны туралы айтып берді.


«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Аружан Нысанғали №12 мамандандырылған мектеп-гимназияда «Орыс тілі мен әдебиеті апталығы» қалай өткенін көрсетті.


Елизавета Османова өз тәжірибесінде рефлексияның түрлі формаларын қолдану туралы айтып берді, Назира Серікова түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану жолдарын көрсетті. Дильназ Юсупова оның алғашқы педагогикалық тәжірибесі қалай өтіп жатқанын айтып, өзінің жетістіктерімен бөлісті, ең бастысы - оқушыларды тану екендігімен пікір бөлісті.


Кездесуде кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева сөз сөйлеп, таңдалған кездесу форматы - педагогикалық шеберхана - дәстүрге айналатынына сенім білдірді. Тәжірибе жетекшілері өз шәкірттерінің өнерін бағалап, болашақ мұғалімдерді бірлесіп даярлаудағы жұмысы үшін оларға мектеп тәлімгерлеріне алғыс білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу