қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2019

Ғылым онкүндігінің ашылуы

 

2019 жылдың 2 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да  «Oрыс тілі және әдебиеті» кафедрасында «Ғылым онкүндігі - 2019» көрме ұйымдастырылып, оған кафедра мүшелерінің - Қазақстанда және одан тысқары жерлерде белгілі ғалым-филологтардың, қазіргі заманғы теориялық және қолданбалы филология тұрғысында Қазақстан Республикасы филология ғылымының дамуын айқындайтын лингвистикалық және әдебиеттану мектептерін құрушылардың монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары қойылды.


1993 және 2018 жылдар аралығында сегіз мәрте өткізілген «Поэтика және өлеңтану мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы, сонымен қатар «Қазақстан әдебиетінің көркемдік әлемі» төрттомдығы кафедраның брендтері болып табылады.. Бұл ғылыми еңбектер де көрмеде көрсетілді.


Кафедра мүшелері ішінде мектеп және ЖОО оқулықтарының, Мемстандарттардың, білім беру және типтік бағдарламалардың авторлары бар. Олардың еңбектері көрме экспозицияларының біріе қойылды.

 

   

 

  




Кері оралу