қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2017

Магистранттардың педагогикалық практикасы сәтті аяқталды

2017 жылдың 22 мен 23 қарашасы аралығында Орыс тідлі мен әдебиеті кафедрасында 6M012200 - Орыс тілі мен әдебиеті және 6М011800 - орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарының 2 курс магистранттарының практикасы бойынша қорытынды конференция өткізілді.

Педагогикалық практика үш апта бойы өткізілді. Осы уақыт ішінде магистранттар, кесте бойынша сабақтарға қатысуын жалғастыра отырып, көп жұмыстар атқаруға үлгерді: олар кафедра оқытушыларының сабақтарына қатысумен қатар,   1-4 курс бакалавр студенттеріне өздері семинар сабақтар өткізді, сондай-ақ , университеттің ағымдағы жұмысымен танысты, кафедрадағы кезекшіліктері кезінде құжаттарды жүргізуді үйреніп, екі тәрбиелік мәні бар шара өткізді: ақындық кітаптың тұсаукесері және қазіргі заманғы ақынмен кездесу.

Жас мұғалімдердің қорытынды конференциясында, магистранттар практикадан алған әсерлерімен бөлісті, ал ғылыми кеңесшілері болса, оларға тапсырылған жұмысты тыңғылықты және шығармашылық көзқараспен атқарғандықтарына жоғары баға берді.

    

 


6М011800 тобының педагогикалық практикасы бойынша презентация


6М012200 тобының педагогикалық практикасы бойынша презентация

 




Кері оралу