қазақша · русский · english
 
 
 
13.02.2023

Ұлттық университет - ел жастарының таңдауы

 

2023 жылдың 10 ақпанында Филология институты шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары: Г.Р. Нурекешова (модератор), Ш.У. Султанкулова, С.К. Рахимжанова Алматы және Қызылорда облыстарының мектеп бітірушілеріне арналған «Ұлттық университет - ел жастарының таңдауы» тақырыбында онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

 

Кездесу барысында оқытушылар мен 2 курс магистранты С.Оспаналиева университет туралы толық мағлұмат беріп, түлектерге бейнеролик көрсетті. Сондай-ақ, педагогикалық мамандық таңдаудың өзіндік орны мен өміршеңдігін заманға сай дәлелденгендігін, шәкіртақының өскендігін және көпшіліктің назары қазіргі таңда осы педагогикалық мамандықтарда екенін баяндап, таңдауларын дұрыс жасауға шақырды.

 

Кездесу соңы мектеп бітірушілер мен ұстаздар арасындағы тартымды пікір алмасуға ұласты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу