қазақша · русский · english
 
 
 
16.01.2023

Педагогикалық емес мамандықтардың өндірістік іс-тәжірибесін ашу конференциясы


Филология институтының оқу жоспарына сәйкес шығыс филологиясы және аударма кафедрасының мамандықтары «6В02302-Аударма ісі» 4 курс 4ж, 3 курс 3ж, «6B02210 - Шығыстану» 4 курс 4 ж, «6В02313-Шетел филологиясы: Шығыс (араб) тілі» 4 курс 4ж студенттерін 16.01.2023-08.04.2023 жж. аралығында өндіріс мекемелеріне іс-тәжірибеден өту үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры бұйрығы бойынша Алматы қаласындағы ТОО Юридическая Компания Бюрократ, TOO «The Word», ТОО «Present PP», A-Class Medical, ТОО «D&K Evolution», ИП «Бұлақ», Beg security, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі, ҚРБҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК орталық ғылыми кітапхана, Aisaf-Almaty сияқты бірқатар мекемелерге жіберілді. Осы мамандықтар бойынша іс-тәжірибе ашылу конференциясы ZOOM платформасында онлайн режимде 2023 жылы 12 қаңтар 13:00-де өтті. Іс-тәжірибе ашылу конференциясына кафедра меңгерушісі, PhD Қоңқабаева Н.Н., кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты магистр, аға оқытушы Алмабекова А.М., әдіскер-оқытушылар - магистр, аға оқытушы Раева А.Н., магистр, аға оқытушы Оразова Р.К., магистр, аға оқытушы Себдайырова А.М., магистр, оқытушы Ислямова Ұ.А. және іс-тәжірибеге баратын студенттер қатысты. Конференция барысында практика мақсат-міндеттері, ережелері түсіндірілді, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу