қазақша · русский · english
 
 
 
21.04.2022

Кәсіп - болашаққа бастар жол

 

2022 жылы 20 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының басшылығымен Тарих және құқық институты және Педагогика және психология институты бірігіп, «Кәсіп - болашаққа бастар жол» кәсіби бағдар беру форумын өткізді. Білім беру мекемелері мен қоғам арасында тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында әрі мамандық таңдауда еңбек нарығына бейімдеуге арналған бұл форумға «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ибрагим Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналары, мектеп мұғалімдері және 30-дан аса университет түлектері қатысты.

 

Форумда доцент Молдасанов Ерсайын«Университеттің әлемдік нарықтағы орны», профессор Мұратқазин Мұхтар «Еліміздің басты педагогикалық университеті», «Маркетинг» бөлім жетекшісі Жанкушков Бауыржан «Мамандық таңдаудағы жеті қадам» (тренг) тақырыптарында пікір алмасты. Сонымен қатар ҰБТ-2022 жаңалықтары, университетте қарастырылған әлеуметтік көмек, әскери кафедра, «Абай сыйы» халықаралық олимпиадасы, студенттердің өмірі туралы ақпараттар айтылды, ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектердің, ұстаздардың сұрақтарына жауаптар берілді. Аталған мектептің білікті ұстаздары, университет түлектері «Біз - ҚазҰПУ түлегіміз» тақырыбында сыр бөлісті. Форумның соңында ҚазҰПУ-дың түлектері, жоғары санатты билология пәні мұғалімі Раукен Аятбекова, тарих пәні мұғалімі Умирзакова Мейрамгүл, Мұратқазин Мұхтар, ұйымдастырушы-магистрант, университет түлегі Төребек Әлия және мектеп директоры Лязззат Қасымбекова Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләловтің алғыс хатымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу