қазақша · русский · english
 
 
 
06.08.2021

Вакцинация - эпидемиямен күресудің жалғыз тиімді әдісі

 

2021 жылдың 5 тамызында Филология және көптілді білім беру инcтитуты «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-ші және 4-ші курс студенттері халықты вакцинациялау мәселелерін талқылады.

 

Талқылауға орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева, Филология және көптілді білім беру институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев, топтың эдвайзері Елена Ломова және Гүлнұр Байшүқірова қатысты.

 

Қазақстанда бірқатар ұйымдардың қызметкерлері үшін міндетті вакцинация енгізілгені белгілі. Студенттерге вакцинацияның құқықтық негіздері, вакцинацияның ережелері мен қарсы көрсетілімдері түсіндірілді. Кездесуде вакцина алу - өзін-өзі, әріптестері мен жақындарын қорғауға сенімді тәсіл екені айтылды. Тек екпе алып және ұжымдық иммунитетті қалыптастыра отырып қана, Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алады.

 

   

 

 




Кері оралу