қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2018

Ғылым онкүндігі аясындағы «не? қайда? қашан?» атты танымдық-зияткерлік викторинасы

 

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде «Ғылымның онкүндігі - 2018» жалпы университеттік жоспарына сәйкес Филология және көптілді білім беру институтының практикалық тілдер кафедрасы «Не? Қайда? Қашан?» атты танымдық-зияткерлік викторинасын өткізді.


Аталмыш викторинаға университетіміздің 4 институты қатысты. Олар: Өнер, мәдениет және спорт, Жаратылыстану және география, Математика, физика және информатика иституттары, сонымен қатар п.ғ.д., профессор Гүлмира Қажигалиеваның, ф.ғ.кандидаттары, доценттер Галина Қадырованың, Алмагүл Маймақованың және ғылым магистры, аға оқытушы Сауле Есімбектің басшылығымен Педагогика және психология институтының студенттері де қатысты.

 

«Не? Қайда? Қашан?» викторинасы танымдық-зияткерлік, сондай-ақ ғылыми болумен қатар, ғылымға деген танымдық, қызығушылық қасиеттерді оятады. Сол себепті Ғылым онкүндігіне өткізілгені кездейсоқ емес. Білім - күш, ғылым - күш!

 

Іс-шара Педагогика және психология институтының ғимаратында өтті. Студенттер залды әдемі безендіріп, бар ықыластарын салды. Сол күні 15 аудиторияны толтырған көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Жарыс Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды, ары қарай іс-шараны педагогика ғылымдарының докторы, практикалық тілдері кафедрасының профессоры Гүлмира Kaжигалиева ашты. Ол өзінің сөзінде қатысушыларға сәттілік тіледі, сондай-ақ іс-шара қонақтарымен таныстырды: Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын мониторингтеу бөлімінің жетекшісі Кирилова Г.Р., филология және көптілді білім беру институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Жанагүл  Саметова.

 

Сахнаға жүргізушілер педагогика және психология институтының 1-ші курс студенттері Алмас Орынбасар пен Нұрбиби Өмірәлі шықты, олар іс-шараны ұйымдастырушыларға практикалық тілдер кафедрасының оқытушыларынан құралған қазылар алқасымен таныстырды.

 

Одан кейін жүргізушілер қатысушылар мен көрермендерді викторинаның ережелерімен таныстырып, командалардың орындау тәртібін анықтау үшін жеребе тастады. Викториналық сұрақтарға төрт команда белсенді түрде жауап берді, олар адам өмірінің түрлі салаларына қатысты болды.

 

Жүргізушілердің сұрақтары бірден үлкен экранда компьютерлік презентациясы түрінде жүрді. Командалар 21 сұраққа жауап берді, жанкүйерлер белсенді түрде өз командаларына қолдау көрсетіп отырды.

 

Өнер, мәдениет және спорт институтының «Хореография» және «Музыкалық білім» мамандықтарының І курс студенттері байқаудың «Музыкалық үзілісінде» өнерлерін ортаға салды: Ақан Бұтақбай әйгілі Құрманғазының «Балбрауын» күйін шебер орындап шықты; Айдана Жұмабекова мен Әйгерім Өмірханова жігермен қазақ биін биледі; «Ехали на тройке с бубенцами» (Борис Фоминнің музыкасы, Константин Подревскийдің сөздері) атақты орыс романсын Жұмахан Қайсар тамаша орындады.

 

Зияткерлердің қызықты және тартымды байқауының нәтижесінде педагогика және психология институтының «XXI ғасыр көшбасшысы» командасы жеңді; екінші орынды Математика, физика және информатика институтынан «Достық» командасы алды; үшінші орынға, Жаратылыстану және география институттарының командасы ие болса, сондай-ақ Педагогикасы мен психология институтының «Бесінші элемент» командасы. Өнер, мәдениет және спорт институтының «Ван Гог» командасының капитаны Құрманақын Ерасыл «Ең үздік капитан» деп танылды. «Үздік көрермен» номинациясы бойынша жеңімпаз да анықталды. Жаратылыстану және география институтының студенті Тупнатуллина Саида «Үздік ойыншы» деп танылды.

 

Қатысушы командалардың барлық мүшелері мадақтама қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар командалық-жеңімпаздар, сондай-ақ жекелеген санаттардағы жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. «Музыкалық үзілісте» өнер көрсеткен студенттерге де мадақтама қағаздары табыс етілді. Байқау қатысушылар, ұйымдастырушылар, көрермендердің фотосуретімен аяқталды.

 

Өткзілген викторина студенттердің ғылыми танымдыққа деген жоғары ғылыми қызығушылығын, жан-жақтығын, ғылымға деген сүйіспеншілігін көрсетті және байқау барысында олардың зияткерлік мүмкіндіктері сыналды.

 

  

 

  

 

  

 

  




Кері оралу