қазақша · русский · english
 
 
 
09.03.2021

Халықаралық ғылыми-практикалық Ахматов семинары

 

РҒА (Санкт-Петербург) ИРЛИ-дің жаңа орыс әдебиеті бөлімі (Пушкин Үйі) Халықаралық ғылыми-практикалық Ахматов семинарының жұмысын ашты.

 

Анна Ахматованың қайтыс болуының 55 жылдығына арналған семинардың бірінші отырысы 2021 жылдың 5 наурызы - ақынды еске алу күні өтті.

 

Отырыс бағдарламасында танымал әдебиеттанушы, ХХ ғасырдың басындағы орыс әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, Еврей университетінің профессоры (Иерусалим) Роман Тименчиктің «Ахматова мәтіндеріне кешенді түсініктеме берудің көлемі мен шектері» тақырыбындағы баяндамасы болды. Семинарға Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Зинаида Поляк қатысты.

 

Баяндаманы талқылауға Ресей, Украина, Эстония, Израиль, АҚШ және басқа елдердің ғалымдары қатысты.

 

   




Кері оралу