қазақша · русский · english
 
 
 
22.07.2019

Польшадағы «Абай» орталығының жаңалықтары

 

2019 жылдың 18 шілдесінде Слупск қ. (Польша) Помор академиясында Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығында Катовице қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының директоры Моника Животпен кездесу өтті.


Тараптар ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін, соның ішінде ғылыми және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты мәселелерді талқылады. Директор ханым көрмені өте ұнатты, ол ұйымдастырушылардың жоғары жауапкершілігін атап өтті.


Қазақстан Республикасының Катовице қаласындағы консулдығы 2019 жылдың 16-17 қазанында Орталықта өтетін «Абай: философия, поэтика, рецепция» халықаралық ғылыми семинарын ұйымдастыруға қолдау көрсету ниетін білдірді. Абайдың шығармашылығы поляк тілінде сөйлейтін ғылыми қоғамдастықта алғаш рет талқыланады.

 

   

 




Кері оралу