қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2018

Бізде Ресейдің танымал әдебиет сыншылары қонақта

 

2018 жылдың 13 сәуір күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Алматы қаласындағы Ашық әдеби мектеп өткізетін шеберлік-сыныптар мен дәрістер топтамасының аясында әдеби сыншылармен кездесу өтті. Олардың ішінде әдеби сыншы, «Знамя» журналының бас редакторы Сергей Чуприн (Ресей), әдеби сыншы, «Дружба народов» журналының өкілі Леонид Бахнов (Ресей) және ақын, прозашы мен сыншы Евгений Абдуллаев (Өзбекстан) болды.

 

Қонақтардың Ресейдегі баспасөз жұмысының тарихы, «Знамя», «Дружба народов», «Звезда Востока» журналдарындағы редакторлық саясаты жөніндегі әңгімелер жас тыңдаушыларды қызықтырды. Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бергенде, мәскеулік қонақтар қазіргі әдебиеттің байлығы мен әр түрлігі туралы баяндады.

 

Бұл кездесудегі ашық атмосфера жас тыңдаушыларға ұзақ уақытқа есте қалады. Өйткені маңызды толғанумен қатар әзілге де орын табылды. Бұл кездесу туралы өз оқушыларымен ой бөліседі деген ниеттеміз.

 

       

 

       




Кері оралу