қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2021

Мамандық дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті

 

2021 жылдың 24-25 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университтеті Филология және көптілді білім беру институтының директоры А.В. Таңжарықованың жетекшілігімен Қызылорда және Қазалы қалаларында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, Шымкент қаласында, Түркістан облысы, ШҚО Аягөз қаласында 10-11 сынып оқушыларының мамандық таңдауда еңбек нарығына бейімделуіне арналған «Мамандық дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» кәсіптік бағдарлау форумы өтті.

 

Іс-шараға еліміздің аталған өңірлерінің 2000-нан астам түлектері, ата-аналары мен мұғалімдері қатысты. Форумда институт директоры А. В. Танжарықова «Еліміздің басты педагогикалық университеті», директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары А. А. Найманбаев - «Абай сыйы халықаралық олимпиадасы», директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. С. Қасенов - «Әлеуметтік көмек», Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Т. С.Тебегенов - «Ұстаз мәртебелі мамандық», Түлектер қауымдастығының директоры Б. Б. Нұрбатыров - «ҚР тұңғыш университеті», доцент Е. М. Молдасанов - «Университеттің әлемдік нарықтағы орны», академик С. Қирабаев атындағы кафедраның меңгерушісі Н.Әбзелбекқызы - «Мамандықтар әлемі», 2-курс студенті, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылының № 203 орта мектебінің 2020 жылғы түлегі Н.Мәжит - «Менің таңдауым - Абай атындағы ҚазҰПУ». Олар университет, білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету, әскери кафедра, «Абай сыйы халықаралық» халықаралық олимпиадасы және басқа да ЖОО қызметі мен студенттер өмірі туралы айтып, форум қатысушыларының барлық сұрақтарына жауап берді. Профессорлар Т.С.Тебегенов және Р. С. Рахметова «Біз - туған жердің түлектеріміз» тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

 

Жоғары деңгейде өткен форумды ұйымдастырушылар Басқарма төрағасы-Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Н.Біләловтың алғыс хаттарымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу