қазақша · русский · english
 
 
 
27.05.2021

Магистрлік диссертацияларды алдын ала қорғау

 

2021 жылғы 25 мамырда орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында: «7М01702 - Орыс тілі мен әдебиеті», «7М01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «7М02304 - Лингвистика» және «7М02301 - Филология» - төрт мамандық бойынша магистранттарының магистрлік диссертациялары алдын ала қорғалды.


Барлық магистранттар өз диссертациясының мазмұнын қысқаша баяндап, презентацияда өз зерттеулерінің басты ережелері мен қорытындыларын көрсетті. Жұмыстардың қорғауға дайындық дәрежесін кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева бастаған комиссия бағалады. Магистранттардың ғылыми жетекшілері олардың жұмысы туралы өз пікірлерін білдірді.


Осы кездесуде айтылған ұсыныстар мен ескертулер жас зерттеушілерге диссертациясын аяқтауға және лайықты қорғауға көмектеседі.

 

   

 

   

 




Кері оралу