қазақша · русский · english
 
 
 
13.03.2018

Польшадан келген студенттер өз сапарлары жайындағы баяндамасы

 

2018 жылдың 6 наурызында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Помор Академиясы (Слупск қ.) арасындағы келісім шарт негізіндегі жарты жылдық бағдарламасы бойынша Польшада оқыған студенттермен кездесу өтті.

 

5В012200 және 5В011800 мамандықтарының 2 курс студенттері сапардан алған әсерлерін: поляк университеттеріндегі білім беру ерекшеліктері, өз оқытушылары, жатақханадағы өмір және сапарларының мәдени бағдарламасы жайында айтты.

 

Бұл әңгімелер бірінші курс студенттерін қатты қызықтырды. Өйткені, оларда да шет ел университетінде жарты жылдық оқуға бару үшін іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндіктері бар. Сәттілік тілейік!

 




Кері оралу