қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2019

Педагогикалық практика - кәсіби шеберлік жолындағы маңызды кезең

 

2019 жылдың 20 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2-ші курс магистранттарының педагогикалық практикасы туралы қорытынды конференция өтті.

 

Магистранттар баяндама жасады, презентацияларда практикалық іс-шаралардың фотоқұжаттарын көрсетті, алған әсерлері мен қорытындыларымен бөлісті.

 

Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева магистранттардың кәсіби даярлық деңгейінің жоғарылағанын атап өтті және оларға тіл мұғалімінің таңдаған жолында қажырлы еңбек пен жауапкершілік тіледі.

 

Магистранттардың педагогикалық практикасы туралы презентация -2019 ж

 

   

 

   




Кері оралу