қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2018

Педагогикалық практика - кәсіби құзіреттілікке бастайтын қадам

 

2018 жылдың 20 ақпаны күні 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100-«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-студенттерінің қатысуымен «Педагогикалық практика - кәсіби құзіреттілікке бастайтын қадам» тақырыбында есеп беру конференциясы өтті. Конференцияның ашылу салтанатын Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы ашып, әр мектептерден келген пән мұғалімдеріне ерекше алғысын білдірді. Конференцияда 3-курс студенттері педагогикалық практика кезінде істеген жұмыстарынан көрме ұйымдастырды; регламент бойынша кезектесіп слайд және оқиғаға құрылған жағдаяттарды ұсынды, алғашқы ұстаздық қадамдары жайлы өз ойтолғауларын ортаға салды. Институт тарапынан ұйымдастырылған «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша 16 студенттің сабағы әдіскерлер тарапынан жоғары бағаланып марапатталды. Қазақ тілінің теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жанат Дәулетбекова студенттердің практикадағы жетістіктерін айтып, өткізілген «Жалпы орта білім беру жүйесіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жаңартылған оқу бағдарламалары: оқу-әдістемелік ерекшеліктері» семинар-тренинг сертификаттарын табыс етті. Конференцияның жабылуы қонақтармен естелік суреттерге түсумен аяқталды.

 

       

 

       

 

 

 




Кері оралу