қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2021

Ғылым айын ашамыз


2021 жылы 5 сәуірде профессор Дамина Шайбакованың жетекшілігімен Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Ғылым айы аясында магистранттарға арналған семинары онлайн режимінде ашылды. Семинарда екінші оқу жылының 6 магистранты өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.


Семинар барысында сөз сөйлеушілер өздерінің зерттеу дағдыларын көрсетті. Кездесуге қатысқан оқытушылар өздерінің сұрақтарымен, ұсыныстарымен, тілектерімен пікірталас атмосферасын құрды. Талқылау магистранттарға ескерілмеген мәселелерге назар аударуға және диссертацияларын жетілдіруге көмектеседі.

 

  

 

   




Кері оралу