қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2023

Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналады...


Абай атындағы ҚазҰПУ мұражайында қазақтың ұлы ақыны және ұстазы Мағжан Жұмабаевтың 130-жылдығына арналған іс-шара өтті. Эдвайзер А.С.Қазмағамбетованың жетекшілігімен РКО-106 тобы ұйымдастырған шараның көрермендері киноформат пен өлеңдерді мәнерлеп оқу, түрлі қойылымдармен ұштастырылған ерекше форматқа оң баға берді. Сондай-ақ, кітапхана ұсынған Мағжан Жұмабаев пен Алаш Орда мүшелерінің кітаптары, студенттердің дайындығы мен атмосфераның жайлылығы қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.


Іс-шараға қатысқан Филология институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі С.Ж.Әбішева студенттерге іс-шараға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс айтып, оларды табысты өнер көрсетулерімен құттықтады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу