қазақша · русский · english
 
 
 
17.05.2021

Ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаздың ғылыми еңбек жолына арналған вебинар


2021 жылы 13 мамырында zoom платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылым.Ғалым.Ғұмыр» ғылыми апталық аясында Жаңалық Балтабаеваның ғылыми еңбек жолына арналған онлайн-вебинар өтті.

 

Вебинарды Филология және көптілді білім беру институының директоры Алуа Таңжарықова ашып, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы, профессор Фаузия Оразбаева, кафедра меңгерушісі Нағима Ильясова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры Абат Қыдыршаев, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Жарқынбике Сүлейменова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақ филологиясы кафедрасының доценті Күлшат Қондыбаева, университеттің Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-ға дайындық факультетінің деканы Ғалия Таубаева, профессор Балқия Қасым, доцент Ерсайын Молдасанов, профессор Майра Жүнісовалар ғалымның ғылыми еңбектері, адами қасиеттері, ұстаздық қызметі жайында тұжырымды ойларын ортаға салды.

 

Онлайн-вебинарда ғалымның ғылыми ізденіс бағыттары, ғылыми еңбектері, оқу құралдары, оқулықтары, әдістемелік оқу құралдары туралы таныстырылым жасалды.

 

Вебинарда ғалымның шәкірттері Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Әлия Бияздықова, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Ақбілек Мыңбаева, Алматы қаласындағы №81 мектеп мұғалімі Канзада Берденова, Жамбыл ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Шынар Бектұрғановалар өмірі өнегелі, өресі биік, ұлағатты ұстаздың еңбектеріне тоқталып, ыстық лебіздерін білдірді.

 

Онлайн кездесуге облыс орталықтарындағы университеттер мен Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері қатысып, ғалым еңбектерін сабақ үдерісінде пайдаланып жүргендіктері жайында пікірлерін айтты.

 

Ғалымның докторанты Ержан Арын модератор болды.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу