қазақша · русский · english
 
 
 
08.02.2018

«UNIVER» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша семинар және тренинг


2018 жылдың 6 ақпанында университеттің конференц-залында практикалық тілдер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы үшін университетте «UNIVER» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша оқу-әдістемелік семинар және тренинг өтті.

 

Профессор-оқытушылар құрамы Физика, математика және информатика институтының профессоры Әділбек Жаңбырбаевтың корпоративтік ақпараттық басқару жүйесін пайдаланушылары үшін электрондық қызметтердің жұмысы туралы баяндамасы тыңдалып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықпен және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «жабық» ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу талаптарымен таныстырылды.


Бағдарламашы Нұрбол Нұралин корпоративтік желіге кіруге арналған логин мен пароль берді. Берілген пароль мен логинді енгізу арқылы профессор-оқытушылар құрамы жүйенің қызметтермен таныса алады.


Семинардан кейін өткізілген тренингте оқытушылар студенттің қатысым журналын толтыруға, сондай-ақ оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыруға арналған тізімдемелер элементтерінің нәтижелерін енгізу жұмыстары қамтылған «Оқытушы» модулімен танысты.

 

Тренинг барысында оқытушылар «UNIVER» жүйесіне өздерінің пәнінің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) жүктей алды. Сондай-ақ оқытушыларға «UNIVER» ақпараттық-бағдарламалық кешенімен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық кітапшалар таратылды.

 

  

 




Кері оралу