қазақша · русский · english
 
 
 
13.02.2023

Докторанттардың ғылыми семинары

 

2022 жылдың 3 және 10 ақпанында Филология институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы докторанттардың дәстүрлі ғылыми семинарын өткізді. Семинарды кафедра меңгерушісі Нағима Ильясова жүргізді. Ғылыми семинарда «8D02304 - Лингвистика» мамандығының 3 курс докторанты Карлыгаш Кобландина, «8D02304 - Лингвистика» мамандығының 3 курс докторанты Әйгерім Ержанқызы, «8D01701- Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс докторанты Назерке Нәби, «8D01701- Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс докторанты Жанерке Изтаева баяндама жасады.

 

Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Әр жұма сайын дәстүрге айналған ғылыми семинарда кафедра меңгерушісі Нағима Ильясова іс-шараны қорытындылап, докторанттарға алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу