қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2021

Ғылымдағы алғашқы қадамдар

 

2021 жылдың 18 және 19 қараша күндері Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен магистранттарының 76-шы ғылыми конференциясы секцияларының отырыстары өтті.


Үйренушілердің баяндамалары «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері», «Тіл білімінің өзекті мәселелері», «Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің мәселелері», «Кәсіби-арнайы қызмет саласындағы орыс тілі» атты төрт секция жұмысы аясында оқылды. Конференция бағдарламасына барлығы студенттер мен магистранттардың 49 баяндамасы енген. Үздік баяндамалар конференция материалдарының жинағында жарияланады.


Конференцияға қатысушылар өздерінің ғылыми жұмыстары үшін білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді практикалық қолдануға бағытталған қызықты мәселелерді таңдады. Баяндамашыларға сұрақтар және баяндамаларды қызу талқылау бастаушы зерттеушілер зерделейтін тақырыптардың маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді.


Отырыстарды қорытындылай келе, баяндамашылардың ғылыми жетекшілері мен кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева конференцияға қатысушылардың әрқайсысы үшін ғылымдағы алғашқы қадамдардың маңыздылығы туралы айтты.

 

   

 

   




Кері оралу