қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2019

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша атқарылған іс-тәжірибесі аяқталды 

 

2019 ж. 14 қаңтар - 13 сәуір аралығында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2 курс магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша іс-тәжірибеден өтті. Тәжірибенің басты міндеті - магистрлік диссертация бойынша тиесілі жұмысты аяқтау болып саналды.


Іс -тәжірибенің аяқталуы қарсаңында ғылым Декадасы аясындағы шаралардың бірі ретінде жоспарланған кафедрада магистранттар есебі мен ғылыми семинар сағатынан тұратын қорытынды конференция өткізілді, конференцияда Әнель Абдрахманова мен Айнур Нұрлыбек баяндама жасады.


«6М011800 - Орыс тілі мен әдебиеті», «6М012200 - орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті», «6М021400 - Әдебиеттану» және «6М020500 - Филология» мамандықтарының магистранттары толық жазылған есептерімен таныстырып, мақала, диссертация жазу барысындағы жұмысы, ғылыми шараларға қатысуы жайлы баяндады.


Магистрант Әнел Абдрахманова екідипломдық бағдарламаға сай Поморская академиясының (Польша) еуропалық үлгідегі дипломын алса, Анастасия Белоусова ғылыми жұмыстардың Республикалық конкурсына қатысып бірінші орынды иеленді, ал Әмірқұл Аманов Жастардың халықаралық ғылыми жобасының қатысушысы болды. Диссертация қорғау магистранттар үшін жауапты сынақ. Ғылым жолында жастарды қиындықтар мен қатар жаңа жетістіктер күтуде деп сенеміз.

 

   




Кері оралу