қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2021

«Аяз қарыған тағдырлар» ашық тәрбие сағаты


2021 жылғы 14 желтоқсанда Филология және көптілді білім беру инcтитуты қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс , 2-топ студенттері және эдвайзері-Сейталиева Қарлығашпен  бірге «Аяз қарыған тағдырлар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Студенттер желтоқсанның сол бір ызғарын, алаңға шыққан жастарды еске алумен ашық сабақты бастады.Көрнекілік көрсетіліп, арнайы дайындалған көркем сөздер оқылды. Желтоқсан иісін сездіру үшін әже мен немересінің диалог қойылды. Ашық сабаққа басқа топтардың студенттері (1-4 курс) белсене қатысып,сұрақтарға жауап беріп,ойын қоса білдірдіді.

 

Тәрбие сағаты барысында студенттер алаңға шыққан жастарды еске алу үшін,арнайы бейне-роликтерді көрсетті. Іс-шарада осы күнге оңай жетпегенімізді,қаншама қан,қаншама тер төгіп,азапталған жастарды еске алып рухына бас иіп тағзым етті. Олар ішкі монологтарын оқыды.

 

Тәрбие сағатына институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қасенов Ерлан, акадимик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Молдасанов Ерсайын және кафедра студенттері қатысты.

 

Ашық тәрбие сағатында студенттер жоғары деңгейде белсенділік танытты. Студенттер тақырыптың өзектілігін көтере отырып, қазіргі таңда желтоқсан суығында қан кешкен жастарға құрмет көрсетілу керек екенін еске салды. Тәрбие сағаты «Желтоқсан желі» атты өлеңмен шырқалып басталса, соныңда «Көк тудың желбірегені» атты өлеңмен студенттеріміз хор айтып аяқтады.Желтоқсан алаңына менде шығар едім деп студенттеріміз рухтанып, іс-шараға қатысқанына алғысын білдірді. Студенттердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланды!

 

   

 

   

 

   




Кері оралу