қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2021

Мамандық таңдау - болашаққа бастар жол

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көп тілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Талапкер - 2021» мектеп бітіруші түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында 2021жылғы 22 сәуірде «Кәсіп - болашаққа бастар жол» мамандық таңдауға арналған онлайн-форум ұйымдастырылды.

Кәсіби бағдар беру форумының мүшелері - Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлы; шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Гүлсім Абдрахманова; доцент Ерсайын Молдасанов; модератор Жангүл Елемесова; аға окытушылар Элеонора Кансейітова, Гүлназ Сәтбай.


Кездесуге Атырау облыстық Дарынды балалар ұлттық гимназиясының 11 сынып оқушылары және кураторы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Эльмира Қуандықова, Түркістан облысы Арыс қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты Қабылсай жалпы орта білім беретін мектеп директоры Шаттық Жүзжанов; Ақөбе облысы Ырғыз ауданы Телжан Шонанұлы атындағы ЖОББМ директоры Венера Машина, Алматы қаласы Білім басқармасының Ш.Смаханұлы атындағы № 62 гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Мирамгул Набидоллаева және осы мектеп гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, бітіруші түлектер қатысты.


Кәсіби бағдар беру форумының мүшелері Абай университеті туралы мәліметтерімен таныстырып, түлектер сұрағына жауап берді.


Форумда Сәтбай Гүлназ мамандықтар туралы слайд, презентация сияқты иллюстриациялық материалдар қолданып, мамандықтардың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні туралы баяндама жасады. Мамандыққа қойылатын талаптар мен институтымызда білім алушы студенттердің білімге деген ынталы еңбектеріне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы деректер ұсынды.


Мұндай іс-шара қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауда бағыт-бағдар бола алады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жеткіншектердің болашақ мамандығын саналы түрде және қателеспей таңдау жасауына мүмкіндік береді.

 

   




Кері оралу