қазақша · русский · english
 
 
 
07.09.2021

Бірінші курс студенттері Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын атап өтуде

 

2021 жылдың 6 қыркүйегінде орыс тілі және әдебиеті кафедрасының бірінші курс студенттері Алаш қозғалысының рухани көшбасшысы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өту үшін жиналды.

 

103-топтың эдвайзері Бибіжан Абуованың жетекшілігімен студенттер қызықты іс-шара дайындады. А. Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы әңгіме көрнекі презентациямен сүйемелденді, ақынның өлеңдері әртүрлі тілдерде оқылды. Кездесуге викторина және танымдық кроссворд сұрақтары интерактивті сипат берді.

 

Осы онлайн іс-шара барысында студенттер көптеген пайдалы ақпаратты біліп қана қоймай, өз қабілеттерін көрсетті, бір-бірімен танысты. Студенттік өмірдің негізі қаланды!

 

   

   

 




Кері оралу