қазақша · русский · english
 
 
 
22.10.2022

Студенттер - сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

 

2022 жылғы 20 қазан күні Филология институты студенттерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің офицері Қамбар Усиповпен «Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуде білім алушыларға институттың ішкі тәртібі мен негізгі ережелері таныстырылды. Жемқорлық өскелең жасты биікке шығармайтыны, тек қана өз біліміне сенген жастың мүмкіндігі көп екені туралы ақпараттар берілді. Кездесу қонағы Қамбар Усипов әділетті қоғам құру үшін жастар тек өз еңбегімен ғана жетістікке жету керек екенін студенттерге баяндады.

 

Кездесу соңында Қамбар Усипов студенттерге маңызды ақпарат беру үшін бүгінгі кездесуді арнайы ұйымдастырған Филология институты басшылығына алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  

 




Кері оралу