қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2017

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің
13-24.11.2017 жыл аралығында
Алматы облысында кәсіби бағдар беру форумы өтті

 


 

  Қазақстан Республикасы Білім әне ғылым министрінің 2016 жылдың 24 наурызындағы №214 бұйрығына сәйкес болашақ талапкерлерге толыққанды кәсіби бағдар беру және университтетке түсетін мектеп жастары мен колледж студенттерін тарту мақсатында,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университтеті  білім беру қызметінің 90 жылдығына   арналған  университтет ректоры профессор Т.О.Балықбаевтың тапсырмасымен  «Кәсіби бағдар беру форумы»  құрылды.

 

13.11.-24.11.2017 жыл аралығында Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов Хабдолданұлының көмегімен Алматы облысының аудандарының білім ошақтарында  Кәсіби бағдар беру форумына  қатысты  бірқатар кездесулер  өткізді.  Жиын барысында  Абай атындағы ҚазҰПУ туралы бейнероликті көрсетіліп, университтет туралы және оның мамандықтары мен білім беру бағдарламалары жайында, қос дипломды білім бағдарламасы, әскери кафедра,  жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдау көрсету туралы мағұлматтар берілді.  Кездесу барысында мектеп оқушылары мен ата-аналар университет тарапына мынадай сауалдар жолдады:

 

1. Университтетке бөлінетін жылдық грант?

2. 2018 жылғы ҰБТ/КТ жаңалықтары?

3. Университтетте оқитын студенттер саны?

4. Дарынды жастарға қандай көмек бар?

5. Жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдаулар?

6. Жатақхана мәселесі?

7. Оқытушылардың  жалақысы?

8. Оқу ғимараттарының заманауи  жабдықталуы қандай дәрежеде?

9. Білім алу жүйесі

10. Төлем ақы мәселесі

11. Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу

12. Оқытушы мен студен арасындағы қарым-қатынас

13. Ата-анамен университтет байланысы қандай?

14. Қандай ғылыми-зерттеу орталықтары бар? Олардың студенттерге берер пайдасы қандай? деген   сұрақтарға тұшымды жауаптар қайтарылды.

 

Әр елді мекендегі ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер осындай іс-шараның ұйымдастырған Абай атындағы ҚазҰПУ әкімшілігіне   өз жылы ықыластарын білдірді. Топ мүшелері университтет башылығы атынан  «Кәсіби бағдар беру форумын» өткізуде көмек көрсеткен Алакөл аудандық білім бөлімі басшысы Төлеужанов Маулен Төлеубекұлына, Сарқан ауданы білім бөлімі басшысының орынбасары Алима Мұратқызына, Ақсу аудандық білім бөлімі басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлына, Ляззат Мұқанқызына,   Панфилов білім бөлім басшысы - Қастеев Тұрархан Бахышұлы, Бас маманы Алибаев Ерқанат Ауетбекұлына, Ұйғыр білім бөлім басшысы Аширов Адилжан Мутахоновичке, Есік гуманитарлық-экномикалық колледж директоры Жошыбаева Гульнар Сагатовнаға өз алғысымызды білдірді.

 




Кері оралу