қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2021

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 30 жыл

 

2021 жылдың 3 желтоқсанда Филология және көптілді білім беру инcтитуты «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері (эдвайзерлер Бибіжан Абуова мен Гүлнара Атембаева) тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына (1991 жылғы 2 қазан) арналған тәрбиелік іс-шара дайындады.


Салтанатты шара «Тұңғыш қазақ-ғарышкер Т.Әубәкіров» атты тұсаукесер рәсімінде Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» әнінің музыкалық сүйемелдеуімен басталды.


Студенттер Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшу тарихы туралы айтып, қазақ ғарышкерінің өмірбаяны туралы презентациялар мен бейнероликтер ұсынды. Ғарышты игеру туралы өлеңдер оқып, домбырада «Балбырауын» күйін орындау осы кездесуге ақындық және музыкалық әуенді әсерін енгізді. Ал кездесу тақырыбындағы ойындар, викториналар, сөзжұмбақтар іс-шараны оның барлық қатысушылары үшін интерактивті және қызықты етті.


Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов өзінің қорытынды сөзінде барлық студенттерді тамаша датамен - тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында осы іс-шараның маңызды тәрбиелік рөлін атап өтті.

 

   

 

   




Кері оралу