қазақша · русский · english
 
 
 
10.03.2020

8 наурыз күніне арналған концерт

 

2020 жылдың 8 наурызында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Филология және көптілді білім беру инcтитуты «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері мерекелік іс-шара ұйымдастырып, орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушыларын құттықтады. Тапқырлық пен шығармашылдық көрсете отырып, нәзік жандарға қошеметін білдірді. Көрермендердің назарына көпшілік сүйетін фильмдерден көріністер, әсерлі билер, әсем әндер мен өздерінің қазақ және орыс тіліндегі өлеңдері ұсынылды. Студенттердің шын жүректен айтылған құттықтаулары баршаға ұнады.

 

   

 




Кері оралу