қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2019

«Ғылым онкүндіктері - 2019» бағдарламасы бойынша ғылыми монографиялардың тұсаукесері

 

2019 жылдың 2 сәуірінде «Ғылым онкүндіктері - 2019» шеңберінде бас оқу корпусының фойесінде филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Әбішованың «М. Мақатаевтың поэзия әлемі» монографиясының тұсаукесері өтті.


Кітап С. Әбішованың барлық еңбек және өмір жолы тығыз байланысты ЖОО-ның 90 жылдығында жарық көріп отырғандықтан, автор үшін монографияның шығуы айтулы оқиға болып табылады. Кітап Мұқағали Мақатаев шығармаларын соңғы 16 жыл бойы іргелі талдаудың нәтижесінен тұрады.


«Тұсау кесу» символдық және ерекше түрде өтті: кітаптар бумасындағы қызыл лентаны ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор,  философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Ақтолқын Құлсариева қиды.


Автордың қомақты еңбегін Филология және политілдік білім беру институтының директоры - филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы бастаған докторанттар, магистранттар, студенттер мен оқытушылар жылы қабылдады.


Осы зор еңбектің ХХ ғасырдағы ұлы қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың көркем шығармашылығы феноменологиясын ұғыну мен түсінуге өз үлесін қосуын, ал оның авторына, Сауле Әбішеваға шығармашылық табыстарының жалғасын табуын тілейміз!

 

   

 

  




Кері оралу