қазақша · русский · english
 
 
 
20.04.2021

Жас ғалымдарға арналған онлайн-вебинар

 

2021 жылы 19 сәуірде Филология және көптілді білім беру институты шетел тілдер кафедрасының оқытушылары А.Набидуллин мен Ч.Ордабаевтың «Ғылыми жобаны қалай ұйымдастыруға және ұсынуға болады: стратегиялар, қиындықтар және ұсыныстар» және Т.Керімбековтің «Скопус базасын қалай дұрыс қолдану керек?» тақырыптарында жас ғалымдарға арналған онлайн-вебинар өтті.


Іс-шара барысындағы алғашқы тақырып бойынша оқытушылар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдарына арналған жыл сайынғы ғылыми жобаға қатысты барлық талаптарға жіті тоқталып, оның басты құндылығы неде екенін жан-жақты түсіндіріп өтті. Жоспар бойынша келесі тақырып барлық оқытушыларды толғандырып жүрген Скопус базасы туралы болды. Мұнда оқытушылар мен магистранттарға қажетті тың ақпараттар берілді. Жас ғалымдар тарапынан көптеген сауалдар мен ұсыныстар жолданды. Олар семинардың маңыздылығын атап өтіп, осындай шаралар жиі өткізілсе екен деген тілектерін білдірді.

 

  

 

  

 




Кері оралу